2013 жылғы 25 маусымдағы №193
Қазақстан Республикасы
экономика және қаржылық бюджет
жоспарлау Министрдің бүйрығына
2 Қосымша
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі
Байсары ауылының бастауыш мектебі» КММ- нің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі
Жалпы ережелер.
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Байсары ауылының бастауыш мектебі»КММ, Байсары ауылы, Женіс көшесі 44, тел: 87163334539.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.
Білім бөлімі 2021 жылы реестр бойынша мемлекеттік қызметтің 3 түрінен қызмет көрсетті. Жалпы 3 қызмет көрсетіліп, оның халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы -1, 2 - электронды үкімет порталы арқылы. Бас тарту саныны-0.
Электронды үкімет порталы арқылы 2 қызмет көрсетілген , олар бойынша 5 қызмет көрсетілді. халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы -1 қызмет көрсетілген, олар бойынша 0 қызмет көрсетілді.
3 қызмет Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары негізінде көрсетіледі.
3) Ең көп сұранысты қажет ететін «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша – 4 қызмет көрсетілді,
"Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша - 1қызмет көрсетілді,
2. Қызмет алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттарын «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Байсары ауылының бастауыш мектебі» КММ -нен ақпараттарға арналған қабырға стендтерінен және білім беру ұйымдарының сайттарынан алуға болады.
2) «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Байсары ауылының бастауыш мектебі» КММ-сі мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобалары көпшілік алдында талқыға түспеді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашық айқын болуы үшін, білім бөлімі мен ХҚКО, басқа да мемлекеттік қызмет көрсету органдарының қатысуымен семинар өткізілді.
Халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылы Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы жарияланымдар, білім беру ұйымдарының "Instagram" және "Facebook" әлеуметтік желілерінде мақалалар мен тікелей эфирлер жарияланды.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 2 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау
1. 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша өкілетті орган тексерісі жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша бөлім басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы жедел кеңесі өткізілді.
2. Атқарылған мемлекттік қызметтің саны және сапасын ішкі бақылау барысында төмендегідей нәтиже көрсетті:
Жалпы 5 қызмет көрсетіліп, оның 5 - электронды үкімет порталы арқылы қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей уәкілетті органнан алған тұлғалар саны - 5, электрондық үкімет порталы арқылы – 5 қызмет көрсетілген..
Мемлекеттік қызметті атқаруда мерзімі жағынан шағым тіркелмеді.
3. 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тексеру жүргізді . Оның нәтижесі бойынша бөлім басшысымен сапалы мемлекеттік қызмет көрсету туралы жедел кеңес өткізілді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2022 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
«Ақмола облысы
білім басқармасының
Ерейментау ауданы
бойынша білім бөлімі
Байсары ауылының
бастауыш мектебі
КММ-нің басшысы Р.Шажлиев